Abstract

Ғылыми мақалада әлеуметтік-мәдени өзгерістер жағдайында қазақ анимациясы кейіпкерлерінің визуалды трансформациясы анимациялық индустрияны дамытудың маңызды аспектісі негізінде ұсынылады. Бұл құбылыс анимацияның стилистикалық тендецияларын, ұлттық құндылықтарды, технологиялық прогресті және көрермен аудиториясының қабылдауына әсер ететін басқа да факторларды қамтиды. Зерттеу мақсаты ұлттық кейіпкерлердің экрандағы заманауи өзгерістерін әлеуметтік-мәдени құбылыстар әсері негізінде айқындау. Соңғы жиырма жылда заманауи қазақ мультфильмдері Ер Төстік, Күлтегін, Алпамыс, Толағай, Керей, Жәнібек, Қабанбай, Қобыланды, Наурызбай секілді т.б. батырлар бейнесімен толықты. Осы негізге сүйене отырып Ер Төстік, Наурызбай және Керей мен Жәнібек мақаламыздың негізгі зерттеу нысаны ретінде алынды. Бұл зерттеудің нәтижесі кейіпкерлер трансформациясы дәстүрлі элементтерді өзектендіру; әмбебаптық және интернационалдандыру; ұсынудың алуан түрлілігі; қазіргі шындықтың рефлексиясы; эмпатия және сәйкестендіру. Жалпы, әлеуметтік-мәдени өзгерістер жағдайындағы қазақ анимациясы кейіпкерлерінің көрнекі трансформациясы қазіргі заманды бейнелейтін, дәстүрлерді өзектендіретін, мәдени топтардың алуан түрлілігін ескеретін және көрермендердің жанашырлығын тудыратын бейнелерді жасауға бағытталған. Әлеуметтік-мәдени орта контекстінде кейіпкерлердің визуалды бейнесі қалай өзгеретінін, осы өзгерістерге қандай факторлар әсер ететінін және берілген процесс әсерінен кейіпкерлер дизайнындағы қандай инновациялар пайда болғандығы айқындалады. Мақалада зерттеу нәтижелерін белгілі бір көркемдік-эстетикалық және зерттеу тәжірибесі ретінде сипаттауға, талдауға және түсіндіруге мүмкіндік беретін әдістер кешені қамтылады. Ең негізгі құрылымдық әдіс: нақты анимациялық туындыларды талдауда маңызды бейнелеу тілі және тақырыбы ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Анимация өнері және фольклорлық кейіпкерлер бейнесін зерттеуде теоретиктер Сергей Асенин, Федор Хитруктың теориялық еңбектері басты бағыттаушы құрал болды. Сонымен қатар, қазақ зерттеушілерінен Бауыржан Нөгербек, Тамара Мұқанова, Гүлнар Мурсалимова т.б. кітаптарындағы тәсілдер негізге алынады. Мақаланың талқылау бөлімінде кейіпкерлерге сыртқы көріністі жаңарту; мәдени бейімделу; технологиялық жетілдірулер; қайта құру және жаңғыру бойынша төрт тарауша негізінде талданады.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call