Abstract

ХХІ ғасырдағы ұлттық өнердің дамуы оның мазмұнын ашудың жаңа жолдарын іздестіруде. Бұл құбылыс хореографиялық өнерге де өз ықпалын тигізуде. Өзінің формасы мен мазмұны жағынан жаңашылдығымен ерекшеленетін жарқын хореографиялық қойылымдар пайда болған ХХ ғасырдың ІІ-жартысынан кейінгі даму кезеңдеріндегі ұлттық бидің қойылымдарын талдай отырып, авторлар қазіргі кезеңде қазақ сахналық биі қойылымның мазмұнын ашуда жаңа көзқарасқа ие болуда, ол өз кезегінде би қимылдарын сахнада көрсетудің жаңа формасын талап етеді деген қорытындыға келді.Мақалада З. Райбаевтың «Фрескалар» балеті (1981) ұлттық би мен классикалық хореография синтезінің жаңа түрін дамытуға ықпал еткен алғашқы жарқын туынды ретінде атап өтіледі. Мақалада постмодернизм кезеңіндегі ұлттық хореографияның даму жолы қарастырылып, оның сипаттамасы беріліп, одан әрі қазіргі кезеңдегі би өнерінің дамуы жан-жақты зерттеледі. Көптеген заманауи туындыларды зерттеу барысында би мазмұнын кейіпкердің күйін дәлірек жеткізуге ықпал ететін өзгертілген пластикалық қозғалыстар арқылы көрсету үрдісі байқалады.Қазіргі уақытта жас хореографтар заманауи технологияларды пайдалана отырып, ұлттықхореографияда тарихи оқиғаларды ұсынудың бірегей авторлық тәсілдерін енгізіп, сол арқылыұлттық биді байытып, оның одан әрі дамуына үлес қосуда. Бұл, өз кезегінде, метамодернизмніңтенденцияларының пәнаралық дискурста орынды деп танылуға ұмтылатын жаңа әдіс ретінде ашылуына әкелді. Метамодернизм кезеңіндегі ұлттық хореография зерттеулері жоқтың қасы, соның нәтижесінде, осы жұмыста дамудың сабақтас салаларының нәтижелері мен тәжірибелеріне сүйене отырып, қорытындылар жасалды. Ұлттық хореография академиясының ғылымизертханасының теориялық және педагогикалық еңбектеріне шолу жасалды. Зерттеу жұмысындаұлттық хореографияның заманауи қойылымдарын талдау қазақ би өнеріндегі метамодернизм тенденцияларының көрінісін анықтауға мүмкіндік берді.Қорытындылай келе, зерттеудің негізгі мақсаты – қазақ хореография өнеріндегі метамодерннің көркем көріністерін анықтап, ашып көрсету үшін келесі ғылыми әдістер қолданылды: диахронологиялық, аналитикалық талдау, салыстыру, бақылау.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call