Abstract

Мақалада қазақ және ағылшын тілдерінің функционалды грамматикасының маңыздылығын қарастырған лингвист-ғалымдардың ойларын негізге ала отырып, қазақ тіліндегі етіс категорияларының ерекшеліктері сипатталады. Ахмет Байтұрсынұлы ұсынған етістің он түрі ағылшын тіліндегі етіс түрлерімен салғастыра отырып, олардың функционалдылығы мысалдар беру арқылы толық талданады. Қазақ тіліндегі етіс категориялары ағылшын тіліндегі етістермен салғастырылып, мағыналары ашылған кезде, екі тілде қолданып жүрген етістердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалады. Етістердің әрбірі функционалды категориялар таксис, аспектуалды, модальдылық түрлерінің сипаттамалары Ахмет Байтұрсынұлы жазған мысалдарының бірі алынып талдану арқылы анықталып, сөйлем ішінде өзіндік мән мағынаға ие болатыны қарастырылады. Зерттеу әдістерін қарастыру барысында да тілді зерттеудегі тиімді әдістерді ұсынған Ақмет Байтұрсынұлының еңбектерінде жазылған әдіс түрлері арқылы қарастырылып, етістерді зерттеуде сол ұсынылған әдістер таныстырылады. Мақалада қазақ тіліндегі етістерді өздерінің жалғанатын жұрнақтары арқылы сипаттап, мысалдар берілетін болса, ал ағылшын тілінде кездесетін (етіс түрлері) Active және Passive Voice-қа сипаттама берілуімен қатар, Passive Voice-ті шақтарға бөліп қарастырып, жіктеп ұсынылатын болады. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі етістерді салғастырып қарастыру барысында тек Қазақстандық ғалымдардың ғана зерттемелері емес, соннымен қатар Ресейлік ғалымдардың да көзқарастары ескерілетін болады.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call