Abstract

Мақала қазақ журналистикасы тарихында ерекше орны бар, «Алаш» партиясының жария үні болған «Сарыарқа» газетінің тарихы мен шығарушылары туралы, тақырыптық ерекшеліктері жөнінде деректерді салыстыра бағамдауға арналып отыр. 
 Қазақ журналистикасы тарихында тұңғыш саяси басылым ретінде шығып тұрған «Сарыарқа» газеті алғашқы сандарынан бастап халыққа бостандық пен теңдіктің мәнін терең түсіндіріп, үндеу жасап, саяси өзгерістерді батыл талдауға үлгі көрсете білген басылым. «Алаш» партиясы құрылғаннан бастап, партия тарапынан өткізілген іс-шаралардың бәрі газет бетінде толық көрініс тапты. А.Байтұрсынұлы шығарған «Қазақ» газеті қазақ ұлтының оянуына түрткі болса, ал «Қазақтан» нәр алған «Сарыарқа» басылымы оянған ұлттың жаңа мемлекет құрудағы талпынысын, ұмтылысын толық бейнелей алды. 
 Зерттеу мақаланың мақсаты – «Алаш» партиясының жария үні болған «Сарыарқа» газетінің қазақ елінің шынайы тарихын қалыпқа келтірудегі маңыздылығын басты назарда ұстай отырып, қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесін бағалау, басылымда қажырлы еңбек еткен Алаш қайраткерлерінің публицистикалық мұрасына баға беру және бүгінгі ұрпаққа насихаттау.
 Мақаланы жазу барысында «Сарыарқа» газетіне қатысты тың деректер пайдаланылды, бүркеншік есімдерге тaлдaу жасалынып, басылымның тарихы мен даму ерекшеліктеріне cараптама жасалынды.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call