Abstract

Мақалада бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл мәдениеті мен халықтық тілдің қалыптасқан дәстүрін ғылыми тұрғыдан сараптап, қазақ тілінің зерттелуі барысында ғылым ретінде қалыптасып үлгерген прецеденттік бірліктердің бұқаралық ақпарат құралдарындағы берілу сипаттарына талдау жасап, тіл мәдениетіндегі лингвомәдени, этномәдени қырларын ғылыми, тәжірибелік тұрғыдан жіктеуге бағытталған.
 Бұқаралық ақпарат құралдарындағы прецеденттік атаулар мен есімдер мәдени мәнді атау ретінде мәдени ақпарат көзі болып табылады. Сондықтан мәдениаралық коммуникация, тіларалық коммуникациядағы прецеденттік атаулардың көріністерін, берілуін тілдік табиғатын танудағы өзіндік ерекшеліктерін тіл білімі тұрғысынан зерттеудің сауттылықты арттыруда маңызы зор. Соған орай зерттеу барысында қазіргі заманғы теориялар және тұжырымдамаларды салыстырмалы талдау негізінде прецеденттік бірліктердің аймақтық баспасөз беттеріндегі қолданыстары нақты мысалдар арқылы сипатталып, олардың прагматикалық қызметтері көрсетілді.
 Бұқаралық ақпарат құралдарында прецеденттік есімдер негізінен прагматикалық мақсаттарда жасалынып, оқиға желісінен алдын ала мәлімет беріп, тұтынушыға оқиғаны әсерлі, түсінікті, тиянақты, оқиғалы жеткізілуіне негіз болады. Бұл өз кезегінде ақпарат құралдарында қызмет ететін журналистердің ұлттық дәстүр, салт, мәдени, қоғамдық-саяси мәселелерді жетік білуімен қатар, кәсіби біліктілік шеберліктерін де айқын аңғаруға мүмкіндік береді. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы тіларалық коммуникацияда ым-ишара, түрлі жаргон сөздермен жауап қайыра салу да сөздік қордың азаюына әкеп соғатын үлкен қатер екенін белгілі. Сондықтан сөз мәйегін түсіну, аз сөзбен көп мағына беруге ұмтылыс жасау заман талабынан туындаса керек.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call