Abstract

Күн сайын жіберілетін триллиондаған хабарламалар адамдардың бір-бірімен тез, әрі үйден шықпай-ақ қарым-қатынас жасауына үлкен мүмкіндік берді. Коммуникацияның осындай тиімді әдісі бар кезде ақпаратты жасырып қалу, халыққа көрсетпеу мүмкін емес. Интернет енді ғана дами бастаған кезде отандық бұқаралық ақпарат құралдары біршама өзгерістерге тап болды. Ғаламтор қоғамға бұрын соңды болмаған коммуникация әдістері мен технологияларын көрсетті. Ол жаңа табыс орнына айналды. Жаңа байланыс арналарының пайда болуымен ақпарат көздерінің саны да күрт өсті. Ғаламтор пайда болып, күн сайын дамығаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарыақпаратқа деген монополиясын жоғалтып алды деп те айта аламыз. Өйткені, қазіргі заманғы заманауи адамға қол жетімді ақпараттың үлкен жиынтығы жаңа нарықтардыңтез әрі тиімді дамуымен бірге маркетинг пен оны жылжыту тәсілдері туралы көбірек ойлануға мәжбүр етеді. Ғаламтор тек қана медиа тұтынуды өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ бәсекелестікті де арттырды. Халықтың көңілін өзіне аударып, пайдаланушылардың назарына ілігу ақпарат құралдарының басты міндетіне айналды.

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.