Abstract

Мақала бастауыш мектепте оқыту әдістерін мұғалімнің көзқарасы бойынша зерттеу жобасына негізделген. Оқыту – екі жақты үдеріс болғандықтан, мұғалім өзінің ғана іс - әрекетін ұйымдастырып, тек оның орындалуымен қанағаттанбай, оқушылардың да танымдық әрекеті мен белсенділігін дамытуға ерекше көңіл аударуға тиіс. Мұның өзі оқыту мен бала дамуының заңдылықтары туралы өте күрделі психологиялық педагогикалық мәселе. Қазіргі оқу үрдісінде баланы жан–жақты дамытып, белсенділігін арттыруда интерактивті оқытудың маңызы зор. Елімізде оқушылардың оқу белсенділігін арттыруда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» деп аталатын білім жобасы енгізілуде. Бұл жоба халықаралық мектептерде қолданылып, табысты нәтижелер берген. Жобаны енгізуде Қазақстан оқу ассоциациясы елімізде толық құқылы және жалғыз өкілі болып табылады. Бұл мақаланың мақсаты сандық сауалнама нәтижелері негізінде ағымдағы жағдайды талдау және сипаттау болып табылады. Осы мақалада келтірілген негізгі нәтиже қазіргі жағдайды мұғалімнің көзқарасы бойынша сипаттау және білім беру практикасындағы әртүрлі оқыту әдістерінің күшті және әлсіз жақтарын талдау. Зерттеудің негізгі әдісі қатысушыларды бақылау болды. Мақала білім беру процесінің барлық қатысушыларына (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) бағытталған зерттеу нәтижесі болып табылады.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call