Abstract

Әлемде болып жатқан өзгерістер елдің экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдайына елеулі әсер етті. 2020 жылғы короновирус індетінің барлық елдердің экономикалық жағдайына, еңбек нарығына, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағдайына әсері әлі де жалғасуда. Сонымен қатар, төртінші өнеркәсіптік революциялық өзгерістер жасанды интеллекті қалыптастыру, кәсіпорындарды автоматтандыру және роботтандыру үдерісі жалғасуда, бұл еңбек ресурстарын жұмыстан босатуға әкеп соқтыруда. Осыған орай, жұмыссыздардың ең осал әлеуметтік тобы жастарды жұмыспен қамту және оларды жұмысқа орналастыру мәселесіне басты көңіл бөлу қажет. Осы тұрғыдан жастардың осал тобы, яғни NEET – мәртебесіндегі жастарды жұмыспен қамту, жұмыссыз жастардың жалпы санына талдау жасай отырып, жастар арасында жүргізілген сауалнамаға сай мемлекеттің еңбек нарығын дамытуға арналған тұжырымдамалары негізге алынған. 2025 жылға қарай елдердегі халық санының көбеюімен қатар, жұмыс күшінің басым бөлігі сандық сауаттылығы зор ұрпақтармен қалыптасады. Қәзіргі жас мамандар бірғана тұрақты жұмыспен айналыспайды, оларды бір кәсіпорында ұстап қалу өте қиын,олар еңбек кестесінің икемділігі, қаржылық қанағаттандыруға, кəсіби жəне жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысады

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call