Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасының білім беру және ғылыми-инновациялық секторының ағымдағы жағдайы қаралған. Графикалық және кестелік материал негізінде республиканың зияткерлік әлеуетінің ағымдағы жағдайына талдау жүргізілді. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, зияткерлік әлеуеттің өсуінің жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуіне әсері анықталды. Экономиканың даму қарқыны жоғары елдерде зияткерлік капиталды арттыру байқалады, осыдан экономикалық өсім регрессияларында зияткерлік капитал көрсеткіштер экономикалық өсу қарқынымен өте тығыз байланысты екендігі нақтыланды. Орталық Азия елдеріндегі экономикалық өсім мен зияткерлік капиталдың артуын анықтайтын факторлар, сонымен бірге, инновациялық экономиканың одан әрі дамуына ықпал ететін шаралар ұсынылды. Корреляциялық талдау нәтижелері жан басына шаққандағы ЖІӨ мен зияткерлік капиталды айқындаушы көрсеткіштері арасындағы оң және статистикалық маңызды корреляция анықталды. Зерттеу жоғары технологиялар экспортының, ғылыми-зерттеу және тәжірибелікконструкторлық жұмыстармен айналысатын зерттеушілер санының артуы экономикалық өсімге оң және айтарлықтай әсер ететінін көрсетті. Зияткерлік капиталды қалыптастыру мен пайдалануда тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін бизнес қауымдастық, институттар және университеттер арасындағы ынтымақтастықты күшейтуді ұсынылды

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call