Abstract

Драматургия – әлемдік әдебиетте ертеден келе жатқан жанр. Қазақ әдебиетінде ХХғасырдың 20-жылдарында бой көрсетіп, Ж.Аймауытов, Қ.Кемеңгеров, М.Әуезов, С.Сейфуллин,Б.Майлин, Ж.Шанин т.б. қалыптастырып, кейін Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, М.Ақынжанов,Ә.Тәжібаев, Ә.Әбішев т.б. ұлттық драматургиямызды дамытқан көптеген шығармалар жазды. Қазақдраматургиясындағы бір өнімді сала – тарихи тұлғаларға арналған драмалық шығармалар. Б.Майлинмен Ғ.Мүсірепов бірігіп жазған «Амангелді», М.Ақынжановтың «Исатай-Махамбет», М.Әуезовтің«Абай» пьесаларынан бастап, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты», М.Ақынжановтың «ЫбырайАлтынсарин», С.Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», Ә.Тәжібаевтың «Майра» пьесалары сияқтыкөптеген шығармалар тарихи тақырыпқа жазылды. Тәуелсіздік кезеңінде жазылған тарихи тұлғаларғаарналған драмалық шығармалардың бірі – Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтыңлауреаты Ә.Кекілбаевтың «Абылай» халықтық қаһармандық драмалық дастаны. Бұл туындыныңтәуелсіздіктің бастапқы жылдарында (1997) мемлекеттік тапсырыспен жазылып, сахналануы еліміздіңрухани өміріндегі айтулы оқиға болды. Шығармашылық ғұмырында әлемдік драматургияның көптегеншығармаларын қазақ тіліне аударып, үлкен тәжірибе мектебінен өткен, драматургия табиғатын үңілезерделеген жазушының бұл туындысы – драматургиядағы біреу болса да, бірегей шығармасы. Бұлпьесада қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы жоңғарларға қарсы азаттық үшін жүргізген күресі, Абылайсекілді ел қамын ойлаған ерлердің іс-әрекеттері суреттеледі. Абылай хан – қазақ тарихындағы ерекшемаңызға ие тұлға. Жазушы романдарында да осындай ел тағдыры талқыға түскен шақтарда еренеңбегімен есте қалған хандар мен батыр-билердің образдарын жасағаны белгілі. Абылай секілді қазақтыңбасын біріктіріп, басқыншы жауға қарсы күреске жұмылдырып, халықты елдікке үндеген тұлғаныңбейнесін жан-жақты ашу үшін жазушы кең құлашты прозаның оқиғасын зор шеберлікпен, асқақ өршілпатриоттық пафоспен берегей драманың ауқымына сыйғыза білген. Ақ өлең үлгісінде жазылған төрткөріністі бұл пьеса азаттық аңсаған халықтың басына түскен ауыртпалықты, сол қиындықтан жол тауыпшыға білген, ерлігімен де, ақыл-айласымен де елді ұйыстыра білген Абылайдай ел көсемінің бейнесіншынайы бейнелейді. Мақалада «Абылай хан» драмасының тақырыптық ауқымы, идеялық-көркемдікерекшеліктері, кейіпкерлер жүйесі, оқиғалар мен тартыс табиғаты, көркемдік шешім арналары жан-жақты талданады. Шығарманың композициялық жүйесі, әр көріністегі оқиғалардың шынайылығымен кейіпкер іс-әрекеттерінің қисындылығы, драмалық тартыс пен көркемдік шешім арақатынасықарастырылып, қаламгердің драматургтік шеберлік қырлары пайымдалады. Драманың патриоттық мәнімен халқымыздың рухани өміріндегі маңызы зерделенеді.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call