Abstract

Бұл мақалада қазіргі қазақ әдебиетінің белді өкілі Мәдина Омарованың шығармаларыталдау нысанына алынған. Сонымен қатар, жазушының әңгімелері қазіргі қазақ прозасындағы көркемдік-эстетикалық үрдістермен сабақтастырыла отырып талданады. Мақалада жазушының қаламгерлікқолтаңбасы, әңгімелерінің өзіндік ерекшеліктері, мистикалық сарындағы туындыларының көркемдікдеңгейі анықталады. Сондай-ақ, Мәдина Омарованың әңгімелеріндегі готикалық прозаның элементтерікөрсетіледі. Бұған дейін сыншылар мен зерттеушілер қаламгердің мистикалық әңгімелеріне ден қойыпкелсе, бұл мақалада жазушының шығармашылық әлемі тұңғыш рет тұтастай қарастырылып, қаламгердіңөзіне тән портреті жасалады. Сонымен бірге, жазушының шығармаларындағы кейіпкерлер жүйесіне,тақырыптық, идеялық, формалық, композициялық ерекшеліктеріне қатысты тұжырымдар жазылады.Жазушының кейіпкерлері дәстүрлі әдебиеттің кейіпкерлеріне ұқсамайды. Оның әңгімелерінде әдеттеелестер мен әруақтар жиі кездеседі, тіпті психикалық ауытқуы бар кейіпкерлерді де кездестіреміз. Олартүнгі уақытта қабір, жартас, елсіз жер, жол сынды кеңістік түрлерінде көрініс табады. Мәдина Омаровадіни мотивтер мен фольклорлық таным элементтерін шығармашылық қиялымен жаңғыртып, бүгінгідәуірдің әлеуметтік мәселелерінің астарына үңілуге шақырады. Мақала қазіргі қазақ прозасындағыкөркемдік үрдістерді тереңірек түсінуге, жазушылардың қаламгерлік қолтаңбасын тануға және МәдинаОмарованың шығармашылық әлемімен жақынырақ танысуға жол ашады.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call