Abstract

Мақалада балалар әдебиетіндегі образдар жүйесі туралы қысқаша шолу жасалады. Жазушы Бекен Ыбрайымның «Аспандағы саяхат» ертегі-хикаятының оқиғалық желісі мен мазмұндық құрылымы талданады. Ертегі-хикаят деп аталатын жанрлық атаудың теориялық заңдылықтарын анықтай отырып, балалардың жас ерекшелігіндегі орны сараланады. Мұнда жасөспірім, бастауыш сыныптар мен жеткіншектердің қай сатысына дейін ертегі-хикаят ғылыми тұрғыдан сай келеді? Сәйкесінше, тәжірибе жүзінде олардың ойлау ерекшеліктеріне тигізетін әдеби, мәдени, рухани аясы қаншалықты? Классикалық балалар әдебиетінің өзіндік талаптарына сай осы мәселелер жан-жақты қарастырылады. Балалар жазушысы Б.Ыбырайымның аталған ертегі-хикаятының тақырыбы мен тілдік құрылымы, ондағы оқиғалық кеңістіктер мазмұндама түрінде нақты мәтіндік мысалдармен талданып, ғылыми пікірлермен дәйектеледі. Шығармадағы кейіпкерлердің шынайылығы және өзара оқиғалық желідегі қарым-қатынастары балалардың (оқушының) өй-өрісін, танымдық жүйесін қалыптастырып дамытуға тигізген жетістіктері мен кемшіліктері талқыланады. Сондай-ақ, Бекен Ыбырайымның қазіргі балалар әдебиетіндегі көркемдік-дүниетанымдық ізденістері сараланып, ұлттық құндылықтар аясындағы сапалық ерешеліктері талданады. Жанрлық бағыттағы жаңалықтары мен жазушылық шеберлігі зерделенеді. Бұл ертегі-хикаяттың сюжеті фольклорлық шығармалардан тамыр тартатыны салыстырмалы әдіс-тәсілдері арқылы анықталады. Және де балалар әдебиетінің табиғаты ертегі жанры мен фантастикалық элементтердің тоғысуынан туындайтын әдеби сала екені сараланады.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.