Abstract
Мақала А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі инститyтының 2022–2024 жылдарға арналған «Мемлекеттік тілдің ақпараттық-инновациялық базасы ретіндегі Қазақ тілінің ұлттық корпyсын әзірлеy: ғылыми-зерттеy және оқытy Интернет-ресyрсы» атты гранттық тақырып бойынша алғаш рет жоспарланып отырған қазақтың аyызша тілінің ішкорпyсына алынатын мәтіндердің сипатына арналады. Ауызша тілдің іш қорпусына күнделікті тұрмыстық қатынастағы ауызекі сөйлеу стилі (үй іші, отбасы, туған-туыс, көршілер арасындағы диалогтер, дүкен, көлік, қоғамдық орындардағы тілдесулер, бейресми сипаттағы телефон арқылы сөйлесулер), бейресми әңгіме, сұхбаттардағы машықсыз, дәстүрлі сөйлеулер, ауызша шаршысөз, дәріс, конференция, дөңгелек үстел, кеңес, семинар, сұхбаттардағы алдын ала жоспарланған тақырыпқа сөйленген сөздер, кино, сахналық қойылымдағы дискурстар, ауызша сөйленген машықты, машықсыз діни дискурстар, теле-радиодағы алдын ала тақырыбы белгілі бағдарламалардағы машықсыз сөздер алыну қажеттігі дәлелденеді. Себебі машықсыз сөйлеу тілі шынайы, табиғи тіл болып табылады. Осыған байланысты мақалада ауызекі сөйлеу тілінің ұлттық ерекшелігі сипатталады. Ол үшін мақалада бірыңғай қазақ ұлты қоныстанған өңірлердегі жасы үлкен қариялардың дәстүрлі сөйлеу тілі талданады. Ауызекі сөйлеу тілінде қазіргі қазақ сөздіктеріне енбеген тілдік қолданыстар, ерекше оралымдар көптеп кездесетіні дәлелденеді. Сол себепті жазба мәтінді дыбыстау, өлең, қара сөзді жатқа оқу, ақпараттық хабарлардағы жазылған мәтінді оқып беретін ауызша сөздер ауызша тілдің корпусына алынбайтыны айтылады. Сөйлеу тілі – сол ұлттың сөйлеу дәстүріне табан тірейтін, сөйлеу дәстүрін танытатын тіл болғандықтан, бұл мәтіндер ұлттық корпустың мазмұнын байытатын мәтіндер деген қорытынды шығарылады. Кілтті сөздер: ауызша тіл, ауызша тіл корпусы, ауызекі сөйлеу тілі, тілдік қолданыстар, машықсыз сөз, машықты сөз, сұхбаттар.
Published Version
Talk to us
Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have