Abstract

Мектептегі білім жаңа мазмұнмен байытылып, оқушының қабілеттерін дамыту, оның бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру міндетін шешуге бағытталған. Оқушының бейімділіктері мен қабілеттерін есепке ала отырып, білім беру траекториясын барынша даралау мақсатында жалпы білім беретін мектептің жоғары сатысында бейіндік оқыту енгізілген. Жалпы орта мектепті бітіруші оқудың, мектеп өмірінің мәнін болашақ еңбек қызметіне дайындық ретінде түсініп, топта қарым-қатынасқа дайын болуы тиіс. Оқушылардың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру білімнің берілу тәсіліне тәуелді. Негізгі мектептің білім мазмұнын анықтауға және оны толық меңгертуге деген қажеттіліктер өсіп отырғанмен, оның оқушыға берілу жолдарына жете мән берілмеген. Оқушылардың сапалы білім алуы үшін түйінді құзыреттіліктерді қалыптастырудың әдістемесін жасау талап етіледі. Бірақ тұлғалық-бағдарлы білім беру негізінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру мәселесі арнайы зерттелмеген. Нәтижеге бағдарланған білім беруде оқушылардың тұлғасын, құзыреттілігін қалыптастыру негізгі міндет болып табылады. Бұл міндетті жүзеге асырудың тұлғалық-бағдарлы білім беру негізінде қарастырылуы қазіргі педагогиканың өзекті мәселелерінің біріне айналып, мектеп оқушыларының құзыреттілігін қалыптастырудың жолдарын зерттеу қажеттігі анықталды. Дәстүрлі білім беру жүйесінің оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру нәтижесіне жетуге мүмкіндігі толық жетпейтіндігін іс-тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру олардың іс-әрекетінің ұйымдастырылуына, оқыту-тәрбиелеу әдістеріне мен формаларына тәуелді екендігі белгілі. Қазіргі әлемдік өркениетте экономикалық жағдайға сәйкес білімдік мақсаттарды стандарттау, білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін жалпы дамыту және жеке жағдайда түйінді құзыреттілігін қалыптастырудың қажеттілігі айқындалып отыр.Эксперименттің айқындаушы кезеңінде оқушылардың сандық платформаларын пайдалану біліктері деңгейінің өлшемдері мен көрсеткіштері нактыланып, өзбетінше сандық платформаларын пайдалануға дербестік пен табандылық танытпайтындығы, платформалармен жұмыс істей білуге ұмтылысының төмендігін байқалды.Оқушылардың сандық платформалар аркылы пәндік құзыреттіліктерін қалыптастырудың мазмұндық өлшемі айкындалды.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call