Abstract

Мақалада қазіргі қазақ тіл біліміндегі тілдік бірліктердің зерттеу объектісі, қарастыратын мәселелер шеңбері, прагматикалық мақсат, прагматикалық тиімділікке жету шарттары, коммуникация үрдісінде тілдің тиімді қолдану заңдылықтары қарастырылады. Қатынастың нақты жағдаяты мен коммуниканттарының сипатына байланысты сөйлеу формаларын қолданудың ерекшелігі мен мәндерін зерттеуші лингвистиканың бір саласы ретіндегі прагматика қандай да бір синтаксистік конструкцияларды қолданудың жеке үлгілерін ғана анықтап қоймайды, сонымен бірге олардың қызмет етулерінің жалпы заңдылықтарын да белгілеуден тұрады. Сөйлесім реципиенттің санасы мен әдебіне қандай да бір ықпал ету тәсілі ретінде қарастырылады. Лингвопрагматика сөйлеу актісінің әртүрлі аспектілерін бейнелеуші сөйлеудің коммуникативтік категориясын зерттеуге, қатынас процесіндегі прагматикалық ақпараттың бейнелену тәсілдерін табуға, сипаттауға бағытталады. Сөйлесімнің назарында адресант пен адресаттың өзара әрекеттері жатыр.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call