Abstract

Мақала Президенттің жыл сайынғы Жолдау мәтіндерінде «мемлекет» концептісінің берілуінің лексикалық құралдарын талдауға арналған. Концептінің дәстүрлі мазмұнын Жолдау мәтіндерінде көрсетілген идеялармен салыстыра отырып, авторлар Жолдауда қалыптасқан әлемнің тілдік бейнесінің ерекшелігін анықтайды. Сонымен қатар «мемлекет» сөзінің лексикалық тіркесімділігі талданған, «мемлекет» концептісінің Қазақстан, ел, Отан сияқты басқа концептілермен өзара қарым-қатынасы қарастырылған Мақаланың басты мақсаты — Жолдау мәтіндеріндегі Қазақстан концептосферасындағы «мемлекет» концептісінің мазмұнын зерттеп, концептінің жұмсалу аясын танытатын ұғымдардың қолданылу сипатын ашу. Қазақ ұлттық концептосферасындағы негізгі концептінің бірі «мемлекет» концептісі тіліміздегі қалыптасқан «тәуелсіздік», «атамекен», «туған жер», «туған ел» «отан», «дала», «қазақ» концептілері тәрізді жалпыұлттық құндылықтарды таныта алады. Мақалада лексикалық бірліктердің семантикасын компоненттік, концептуалдық және контекстік талдау әдістері қолданылып, зерттеу материалы ретінде мемлекет лексемасы қолданылатын жыл сайынғы Жолдау мәтіндері, сондай-ақ қазақ тілінің түсіндірме, этимологиялық, түсіндірме саяси және басқа сөздіктерінің материалдары алынды. Зерттеу нәтижесінде авторлар «мемлекет» концептісінің қазақ халқының ұлттық ділінде алатын орны маңызды екенін анықтайды.

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.