Abstract

Мақала барысында ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасыр басындағы Түркістан өлкесінің Сырдария облысындағы ауыл шаруашылығының даму ахуалы талданады. Бүгінгі посткеңестік кеңістікте өткен тарихи кезеңдерді қайта қарау үрдісі белсенді жалғасуда. Осы ретте ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасыр басындағы Түркістан өлкесінің Сырдария облысы аумағындағы ауылшаруашылығының даму ахуалын тарихи талдау да өзекті. Қарастырып отырған жылдары Түркістан өлкесінің Сырдария облысы патшалық Ресейдің мемлекеттік меншігіндегі жер болып табылды. Патшалық Ресей Түркістан облысы аумағын империяның бір бөлігі ретінде қарастырды. Аймақтағы шаруашылық түрлерін дамытып, экономикалық тұрғыдан пайда табу мәселесі де маңызды болды. Ол әсіресе мақта өсіру сияқты қоныс аударушылар үшін таңсық болған шаруашылық түрін дамытудан көрінді. ХХ ғасыр басында Түркістан өлкесіне А.А. Кауфман, Н. Гаврилов, К.К. Паленнің сенаторлық ревизиялары жүргізілді. Аталған комиссия жұмысының есептерінде қарастырып отырған Сырдария облысы аумағындағы ауыл шаруашылығының даму қарқыны анықталады. Облыс аумағындағы суармалы жерлерді қолдану тәртіптері, көшпелі және отырықшы тұрғындар арасындағы жер қатынастары сияқты маңызды мәселелер бойынша мәліметтер сақталған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасыр басындағы Түркістан өлкесінің Сырдария облысы аумағында көшпелі мал шаруашылығы, дәнді дақылдар егу, мақта өсіру, бағбаншылық сияқты маңызды шаруашылық түрлері қалыптасты. Кілт сөздер: шаруашылық, үкімет, көшпелі мал шаруашылығы, егіншілік, суару жүйесі, Ереже, талдау. В ходе статьи анализируется ситуация развития сельского хозяйства в Сырдарьинской области Туркестанского края во II половине XIX-начале XX вв. На сегодняшнем постсоветском пространстве активно продолжается тенденция переосмысления исторического прошлого. При этом актуален и исторический анализ ситуации развития сельского хозяйства на территории Сырдарьинской области Туркестанского края во второй половине XIX-начале XX вв. В эти годы Сырдарьинская область Туркестанского края являлась землей, находящейся в государственной собственности царской России. Царская Россия считала территорию Туркестанской области частью империи. Немаловажным стал вопрос развития хозяйственных форм в регионе и получения экономической прибыли. Это проявилось, особенно в развитии типа фермы, который был удивительным для поселенцев, таких как выращивание хлопка. В начале ХХ века в Туркестанском крае проводились сенаторские ревизии А.А. Кауфмана, Н.Гаврилова, К.К. Палена. В отчетах о работе данной комиссии определяются темпы развития сельского хозяйства на территории Сырдарьинской области. Сохранены сведения по таким важным вопросам, как порядок использования орошаемых земель на территории области, земельные отношения между кочевым и оседлым населением. На территории Сырдарьинской области Туркестанского края во второй половине XIX-начале XX веков сложились такие важные виды хозяйства, как кочевое скотоводство, посев зерновых культур, хлопководство, садоводство. Ключевые слова: хозяйство, правительство, кочевое скотоводство, земледелие, ирригационная система, Положение, анализ. The article analyzes the situation of agricultural development in the Syrdarya region of Turkestan region in the II half of the XIX-early XX centuries. In today's post-Soviet space, the trend of rethinking the historical past is actively continuing. At the same time, the historical analysis of the situation of agricultural development on the territory of the Syrdarya region of the Turkestan region in the second half of the XIX-early XX centuries is also relevant. During these years, the Syrdarya region of the Turkestan Region was a land owned by the state of tsarist Russia. Tsarist Russia considered the territory of the Turkestan region to be part of the empire. The issue of the development of economic forms in the region and obtaining economic profit has become important. This manifested itself, especially in the development of a type of farm that was surprising to settlers, such as cotton cultivation. At the beginning of the twentieth century, senatorial audits of A. A. Kaufman, N. Gavrilov, K. K. Palen were carried out in the Turkestan Region. The reports on the work of this commission determine the pace of development of agriculture in the Syrdarya region. Information on such important issues as the order of use of irrigated land in the region, land relations between nomadic and settled populations has been preserved. On the territory of the Syrdarya region of the Turkestan region in the second half of the XIX-early XX centuries, such important types of economy as nomadic cattle breeding, sowing of grain crops, cotton growing, gardening developed. Keywords: agriculture, government, nomadic cattle breeding, agriculture, irrigation system, Government, analysis.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call