«Қазмырыш» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi (ЖШС) - Шығыс Қазақстаноблысының iрi өнеркәсiптiк кәсiпорындарының бiрi. «Қазмырыш» ЖШС өнiмiнiң негiзгiтүрлерi - мырыш, кадмий, қорғасын және мыс металдары. Осы кәсiпорыннан шыққан суағыны мына өзендер Филипповка, Тихая, Үлбiөзендерi арқылы өтiп, Ертiске құйылады. Семей- «Семей Водоканал» суын пайдаланатын Ертiстiң бойындағы iрi қала. Сондықтан ҚазақстанРеспубликасы Ұлттық ядролық орталығының «Радиациялық қауiпсiздiк және экологияинституты» филиалының Элементтiк талдау зертханасында мырышқа, мысқа, кадмийға,темiрге және қорғасынға қатысты жiпше тәрiздi балдырлардың сiңiру қабiлетi, сондай-ақзерттелетiн судағы ауыр металдардың қалдық концентрациясы анықталды. Зертханалықжағдайда Семей өңiрiнiң су тоғандарының ластану деңгейiнiң биологиялық мониторингiнжасау үшiн жiпше тәрiздi балдырларды (улотрикс, спирогира, кладофора) пайдаланумүмкiндiгi зерттелдi. Бос сынамада (күл түрiндегi балдырлар) Вe, Cr, Mn, Fe, Co, Ni,Cu, Zn, Sr, Cd, Cs, Pb, U элементтерi анықталды. Балдырлардың осы көрсетiлген 3үлгiсiнiң адсорбциялық қабiлетiн анықтау мақсатында балдырлар салынған сулы ортағаауыр металдардың (Fe, Cu, Zn, Cd, Pb) нитраттары мәжбүрлi түрде қосылды. Барлықэлементтердiң концентрациясы Agilent 7700x қондырғысында индуктивтi – байланысқанплазмалы (ИСП – МС) масс - спектрометрия әдiсiмен және iCAP 6300 Duo қондырғысындаатомдық – эмиссиялық спектрометрия әдiсiмен анықталды.