Зерттеудің мақсаты — прокуратура органдарының құқықтық мәртебесі ерекшеліктерін анықтау және Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Түркіменстан Республикаларында және Қазақстан Республикасында прокуратура органдарының қызметін ұйымдастыру, оларды одан әрі дамыту және жетілдіру перспективаларын зерттеу және оған объективті талдау жасау. Аталған мемлекеттермен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының конституциялық мәртебесін зерттеу тарихи тұрғыдан да, қазіргі кезеңде де маңызды. Өйткені бұл мемлекеттердің, біртұтас тарихи тамыры бар және олардың даму мен әрекет ету процесінде жүзеге асырған мақсаттары, міндеттерінің ортақтығы жақындастырады. Әр мемлекеттің өзіндік ерекшелігі, қазіргі кезеңдегі ерекше жағдай осы органның ұйымдастырылуы мен қызметіне белгілі бір түзетулер енгізеді. Осыған байланысты, ғылыми және практикалық тұрғыдан алғанда, ТМД елдерімен Қазақстан Республикасы прокуратурасының конституциялық мәртебесінің қалыптасуы мен дамуындағы жалпы және ерекше талдау, мемлекеттік билік жүйесіндегі орны мен рөлін айқындау өзара ынтымақтастық жағдайында шешімі қиын мәселелерде, қылмыстылықпен күресуде айыптаулардың тәжірибесін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда Достастыққа мүше кейбір елдердің прокуратурасының ұйымдастырылуы мен қызметі, яғни, заңның үстемдігін, бірлікті және заңдылықты нығайтуды қамтамасыз ететін маңызды құқық қорғау органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесімен байланысты проблемаларды талдау ерекше маңызды болып табылады. Оның қажеттілігі прокуратураның қызметін жаңарту процесімен түсіндірілсе, демократиялық принциптер мен стандарттарды енгізу әрекеттері жаңа егемен елдердің заң шығарушыларын прокуратура органдарының ұлттық құқықтық жүйелердегі рөлін анықтап, олардың мемлекеттік-құқықтық институттар арасындағы нақты орнын бекітуге алып келеді. Авторлардың қорытындылары зерттелетін мәселелер саласындағы отандық және шетелдік заңнамаларды салыстыру арқылы прокуратура туралы дайындалып жатқан жаңа заңнама жобасын жетілдіре түсудің бағыттарын қалыптастырады.