Abstract

Орта ғасырлардағы тарихи ірі магистраль болған Ұлы жібек жолы бүгінде заманауи зерттеулердің тақырыбына айналып отыр. Ұлы жібек жолы бойындағы тарихи-мәдени ескерткіштер ежелгі замандардан бастап, бүгінге дейін Қазақстан жері үшін өз маңызын жоғалтқан емес. Ұлы жібек жолының қазақстандық бөлігінде қоғамның мәдени, рухани және туристік дамуында маңызды рөл атқаратын мәдени-тарихи мұра объектілерінің саны мен алуан түрлілігі бар. Дегенмен, әлі күнге дейін Қазақ жеріндегі Ұлы жібек жолы туралы жүйелі ақпарат жоқ деп есептеуге болады. Мақалада Қазақстан Республикасы аймағындағы Ұлы жібек жолы тарихи магистралі бойындағы мәдени-тарихи нысандар реестрін құру өзектілігі мен қажеттілігі баяндалады. Мәдени-тарихи мұра нысандары еліміздің қазірге дейінгі туристік даму жолындағы маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылып келеді. Ұлы жібек жолының бойындағы ежелгі қалалар мен орындар қазіргі таңда жүйеленген ақпаратты қажет ететін нысандар жиынтығы деп санауға толық негіз бар.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call