Abstract

Батыс Қазақстан аумағында орта және кеш плейстоцен шөгінділерінде алғашқы турлардың палеонтологиялық қалдықтары өте жиі кездеседі, бірақ біркелкі емес. Көбінесе оларды құмды жағалауларда немесе өзен террассаларында кездестіруге болады. Батыс Қазақстан аймағында кеш плейстоцендік фауналық кешендерде ірі сүтқоректілердің ішінде ең көп тараған түрлердің бірі алғашқы тур бұқасы (Bos primigenius Bojanus 1825) болды. Осыған қарамастан, Батыс Қазақстан аумағында бұл түр морфометриялық және эволюциялық аспектілерде әлі де аз зерттелген. Жұмыстың мақсаты Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің (Қазақстан, Орал қ.) филиалы, Табиғат және экология музейіндегі (ТжЭМ) палеонтологиялық коллекциялары бойынша Батыс Қазақстан аймағындағы орта және кеш плейстоцендік тур бұқасының (Bos primigenius Bojanus 1825) түрлік құрамын анықтау. Жұмыс барысында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің (Қазақстан, Орал қ.) филиалы, Табиғат және экология музейіндегі (ТжЭМ) палеонтологиялық қалдықтары бойынша Батыс Қазақстан аумағындағы Жайық өзенінің төменгі ағысындағы орта және кеш плейстоцендік Bos primigenius түрлеріне бағалау жүргізіліп, экологиялық-морфометриялық талдау негізінде Bos primigenius Bojanus 1825 таксономиясы анықталды.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call