Abstract

Мақалада Алматы қаласы жағдайында өсірілген Paulownia Siebold & Zucc түрлерінің гибридтері Shan Tong және FTE жапырақтарының морфологиялық және анатомиялық құрылысының ерекшеліктері алғаш рет сипатталды. Бұл ағаш түрі Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде табиғи жағдайда кеңінен тараған. Қазіргі уақытта көптеген елдерде өсіріліп, жерсіндірілуде. Жұмыстың өзектілігі: Paulownia ағашын орман өнеркәсібінде, биоотын және биогаз алу мақсатында, биоремедиант ретінде және медицинада емдік қасиеттерін кеңінен қолданады. Қазақстан жағдайында жаңадан өсіріліп, жерсіндірілуде, сол себептен жергілікті экологиялық жағдайда Paulownia түрлері гибридтеріне биологиялық-экологиялық зерттеулер жүргізілмеген. Практикалық маңыздылығын ескерсек, орманға тапшы еліміз үшін бұл ағаштың мүмкіндіктерін пайдалану аса қажет. Жұмыстың мақсат-міндеттері: Paulownia өсімдігінің Shan Tong және FTE гибридтер жапырақтарының морфологиялық-анатомиялық ерекшіліктерін зерттеп, салыстыру. Зерттеу әдістері: морфометриялық көрсеткіштері мен мүшелерінің морфологиялық құрылымы жалпы қабылданған әдістеме бойынша жүргізілді. Микроскопиялық талдау үшін фиксация Страсбургер-Флемминг әдісімен жасалды. Нәтижесі: Shan Tong және FTE жапырақтарының анатомиялық құрылысының диагностикалық белгілерін анықтауда биологиялық активті заттардың шоғырлану орындары белгіленді, сондай-ақ, гликозидтер бағаналы және борпылдақ мезофилде шоғырланғандығы айқындалды. Микроскопиялық кесінділерден жапырақтың анатомиялық құрылысында қарапайым көп клеткалы бір ядролы трихомалар, бір клеткалы безді түктер, құмыра тәрізді тармақталмаған, көп клеткалы, бір ядролы ірі трихомалар кездесетіндігі анықталды. Салыстыру барысында FTE гибриді жапырағының морфометрикалық көрсеткіштері Shan Tong гибриді жапырағының морфометрикалық көрсеткіштеріне қарағанда жоғары екендігі белгілі болды, айырмашылық тек бағаналы мезофилдің қалыңдығында байқалды. Алынған нәтижелер Paulownia туысы түрлері жапырағының анатомиялық ерекшелігін айқындап, деректерді растауға, нақтылауға және толықтыруға мүмкіндік береді. Алынған мәліметтерді Paulownia туысы түрлерін практикалық қолданыста жүйелі зерттеулер үшін қолдануға болады.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.