Abstract

Мақалада он екі санының символикасы, сакралдық мәні сөз етілген. Зерттеудің басты материалдары — мифтер, күнтізбелік аңыздар, тұрақты тіркестер, сөздіктер, түркі тіліне қатысты жәдігерлер. Сонымен қатар мақалада «шоғым» таңбасының мифтік-лингвистикалық интерпретациясы әдісі қолданылған. Автор 12 санының мән-мағынасын түсіндіруде шеңбер ішінде нүкте символының 12+1 үлгісін (моделін) пайдаланған. Осы үлгі негізінде 12 санына қатысты мифтік, діни, тілдік, этнографиялық деректерді талдаудың жаңа моделі ұсынылған. 12+1 моделі арқылы жасалған 13 санының да семантикасы ашылып, оның қасиетті және қайғы-қасірет мағыналарының пайда болуы түсіндірілген. Зерттеудің нәтижесінде «бесқонақ», «ұлы мүше» секілді ұғымдардың мәні мифтіклингвистикалық ашылды және «нүктені» символдайтын ұғымдар («өмір беруші», «өмірлік бастау», «ана», «жатыр», «құрсақ») Ұмай, Хауа есімдерімен байланыстырыла талданған.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call