Abstract
Мақалада еліміздің мәдени өмірінде үлкен маңызы бар шара, Алматыда 2023 жылдың 21-29 сәуір аралығында өткен «Ортеке» VІ Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінің шығармалық келбеті, өткізу барысындағы жетістіктер мен мәселелер жан-жақты қарастырылып, театртанушылық көзқарас білдіріледі. Фестивальге қатысқан Маңғыстау облыстық қуыршақ театры Ғ.Мүсіреповтің «Қозы көрпеш – Баян сұлу» 7+), Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры К.Исаев, М.Малдыбаеваның «Саяхатшы тасбақа» 6+, Ақмола облыстық орыс драма театрының жанынан ашылған «Kinder Theater» труппасы Г.Х.Андерсеннің «Шақпақты қыз» («Девочка со спичками» 7+), Ақтөбенің «Алақай» қуыршақ театры Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» 12+, Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры Абай шығармаларының негізіндегі сахналық жүйе (сахн. жүйе жасаған Е.Локшина) «Мен бір жұмбақ адаммын. Абай»16+, Грузияның И.Гогебашвили атындағы Кутай мемлекеттік кәсіби қуыршақ театры Г.Х.Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» («Гадкий утенок») қойылымдарына талдау жасалады. Қуыршақ өнерінде театр фестивальдерінің алатын орны ерекше. Қуыршақ театрының даму үрдісіне қарай бұл өнердің түрлі мерекелерін өткізу сонау кәсіби даму жылдарымен астасып жатыр. Олай дейтініміз Қуыршақ театрлары фестивальдерінің маңыздылығы, театр ұжымдарының шығармалық өсуі, дамуы, түрлі театрлардың бір-бірімен етене араласу арқылы тәжірибе алмасуымен ұштасады. Театр ұжымдарының кәсіби дамуына, актерлер шеберлігінің шыңдалуына, қуыршақ театрлары режиссурасының түрлі трактовкалар жасауына, қуыршақ жасау шеберлігінің артуына алып келетін маңызды шара болмақ. Елімізде өткізілген халықаралық Қуыршақ театрларының фестивальдері әлемдегі театрларда болып жатқан түрлі жаңалықтар мен ізденістерді паш етті. Соның арқасында отандық қуыршақ театрларында шығармалық тың реформа пайда болып, бұрын соңды қуыршақ театрлары тек кіші жастағы балаларға арналған деген қасаң пікір жойылды. Жасөспірім, ересек балалар мен үлкендерге арналған спектакльдер сахналау шығармашылыққа жол тартты. Мақала авторы аталған фестивальге қатысқан отандық және шет елдік спектакльдерді талдап, режиссерлік трактовкаларды салыстыра сараптайды.
Published Version
Talk to us
Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have
Similar Papers
Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.