Abstract

Бұл мақалада әлеуетті асырап алушы ата-аналарды іріктеу мәселесінің өзектілігі көрсетілді. Сонымен қатар іріктеу процесінен кейін үміткерлермен дұрыс ұйымдастырылған тренинг пен сүйемелдеудің маңыздылығы аталады. Психологиялық іріктеу әдістерін сынау үшін он әлеуетті асырап алушы ата-ана таңдалды. Алғашқы бес үміткерге стандартталған сұхбат пен отбасы социограммасы, қалған бес үміткерге Басса-Дарки сауалнамасы және Спилбергер-Ханин мазасыздық шкаласы жүргізіліп, нәтижелері талданды.Зерттеу мақсаты –қабылдаушы ата-ана болуға үміткерлерді психологиялық іріктеу мен сүйемелдеудің негізгі аспектілері мен зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, тиімді әдістерді ұсыну.Әдіснамасы. Осы мақаладағы жұмыста бастапқы деректерді жинау және өңдеу, психологиялық тесттер мен сұхбат жүргізу және нәтижелерін талдау сияқты әдістер қолданылды.Зерттеу нәтижелері. Жұмыс барысында әлеуетті асырап алушы ата-аналарды психологиялық іріктеудің және сүйемелдеудің өзектілігі анықталды. Психологиялық диагностика барысында стандартталған сұхбат, отбасы социограммасы, Басса-Дарки және Спилбергер-Ханин әдістерінің тиімділігі көрсетілді.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.