Abstract

Мақалада ислам мәдениеті кезіндегі түркі өркениеті жетістіктері мен шығыстық классикалық әдебиет үрдісін сабақтастырдық. Шығыстық қисса-дастандарды зерттеуші-ғалым А. Қыраубаева қисса-дастандар хақында олардың тууы мен қалыптасуы тұрғысынан талдай келіп, қисса-дастан жанрының ежелгі әдебиетімізде ХІІІ-ХІҮ ғасырларда туып, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында дамып-қалыптасқанын дәлелдейді. Мақаланың негізгі идеясына айналған шығыстық қисса-дастандардың арасынан ең бастысы ретінде «Хұсрау-Шырынды» алғанымызбен, сол дәуірдегі бірқатар еңбектер де талданды. Өйткені, түркі халықтарының эпикалық мұрасын құрайтын тарихтың терең қойнауы бәрімен тығыз байланысты.
 Мақаланың негізгі бөлімі шығыстық қисса-дастандар мен ғашықтық жырлар өзіндік стилі мен сюжет дамуы қалыптасқан жанр ретінде тарих қойнауынан нәр алып, ХХ ғасырдың басына дейін жалғасқан сөз өнерінің үлкен бір саласы екендігін ұғындырады.
 Қорытынды бөлімде қазақтың терең тарихындағы ғашықтық дастандарындағы ұқсастықтары мен негізін салыстырмалы түрде қарастыра отырып түйін шығарамыз. Әлемдік ғылымның зерттеу нысанына айналған шынайылық пен фольклордың арасындағы байланыстың қаншалықты нығыз орналасқанына қорытынды бөлім нақты анықтама береді.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call