Abstract
Аңдатпа. Мақалада экскурсиялық әдістеменің ерекшеліктерін аша отырып, оның практикалық аспектілері жайлы тоқтала келіп, экскурсия жүргізуші мамандардың пікірлеріне талдау жасалады. Мақалада экскурсиялық мәтін мен әңгімелеудің негізгі теориялық және практикалық ерекшеліктері топтастырылған. Автордың жеке тәжірибелері де жинақталған. Экскурсия жүргізу барысында оны жүргізуші әрбір келушінің әлеуметтік – мәдени түсінігін кеңейте отырып, жаңа заманға сай мәдени құбылыстарға қажеттіліктер тудырады, адам бойында алуан түрлі мәдени дәстүрлерге деген қызығушылықтардың пайда болуына ықпал етуі, бұл өз кезегінде, яғни, мәдениеттердің алуан түрлілігі, олардың күнделікті өмірде тұрмысымызға енуі, ұлттық музей ісінің дамуына ықпал ете білу қажеттігін қарастырады. Мақаланың мақсаты – музейде экскурсия жүргізудің мәдени-ақпараттық ерекшеліктерін атап көрсету, музей-қорық нысандарын ғылыми-танымдық ұлттық құндылық ретінде келушілерге көрсете білу және оның әдістері мен технологиясын ғылыми-теориялық тұрғыдан мәнін ашу. Сонымен қатар мақалада, заманауи қоғам талабына сай экскурсия жүргізудің бірнеше түрлері бөліп көрсетілген және тарихи музейлерде ұйымдастырылатын экскурсиялар тарихи музейлер мен мәдени-тарихи музей-қорықтарындағы экскурсия жүргізу ісіндегі айырмашылықтарға баса назар аударылып, автордың тарапынан ғылыми тұжырымдар жасалған.
Talk to us
Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have
Similar Papers
Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.