Abstract
Тіл табиғатын адам болмысымен бірлікте зерделеп, тіл мен таным ұғымдарын зерттеу мәселесі лингвистика ғылымының заңдылықтары мен ережелерін өмірге әкеліп, тілдік бірліктердің болмысын ішкі және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді. Осылайша, құрылымдық ұстанымдар, логикалық және танымдық қағидаларға ұласып, тіл ғылымының ауқымы кеңейе түседі. Мақалада қазақ тілінің лексикасын адамтанымдық бағыттаоқыту сөз болады. Оныңішінде соматикалық лексиканы танымдық аспектісі талқыланып, оныоқытудың жолдары қарастырылады. Қазақтіл білімінде антропоөзектік парадигмада соматикалық лексиканың зерттелу жайына шолу жасалып, тілдің лексикалық жүйесін толық бейнелейтін семантикалық өрістер сөз болады. Дене мүшелерінің атаулары негіз болған тілдік бірліктердіңқолданыста репрезентациялануы арқылы жұмсалымы кеңінен талқыланады. Сөздік қордың ең өнімді өрісі соматизмдердің бірнешеуіне танымдық талдау жасау арқылы дәлелденеді.Қазіргітаң да да, халықтың рухани деңгейі дамуына сәйкес, қай салада, не зерттелсе де адами көзқараспен, ұлттық таныммен жасалған дүние үлкен сұранысқа ие болуда. Тіршіліктің басты құралы тіл болмысына зер салу, әрбір сөз мағынасын халықтық таным тереңінен суырып, тіл болмысын адамның қабылдау, пайымдау, ойлау құбылысымен ұштастыру - отандық тіл ғылымын жаңа биікке көтерсе, жоғары оқу орнында болашақ тіл мамандарын дәстүр мен жаңашылдық үдерістерін танымды дамыту үрдісімен ұштастыра оқытып, ұлттық болмысты тану мен мол байлықты қолдану дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді. Мақаладастуденттерді болашақ тіл маманы ретінде олардың танымы мен сөздік қорын байыту, кешенді талдау негізінде оқутанымдық дағды қалыптастырумәселесі талқыланады.
Talk to us
Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have
Similar Papers
Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.