Abstract

Мақалада танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың шығармашылығы зерделеніп, айтыстары қарастырылады. Ақынның айтыста көтеретін тақырыптары мен айтыстың әлеуметтік мәні, қоғамдық маңызы анықталады. Бұрынғы айтыс пен қазіргі айтыстың ұқсастық жақтары мен айырмашылықтары сараланып, дәстүр жалғастығы мәселесі көтеріледі. Бүгінгі айтыс бұрынғы жақсы үрдістерді бойына сақтап, жаңа заман табалына сай дамып, жетіліп келе жатқаны жайлы сөз етіледі. Қазіргі айтыс өкілдерінің сөз саптаулары ұлт дәрежесіне көтерілгені, ондағы ой жаңашылдығы, мәдени маңыздылығына тоқталады. Ақын Балғынбек Имашевтің соңғы 30 жылдағы айтыстары талданып, оның ішіндегі көркемдік өрнектерді орынды пайдалана алуы, буын мен ұйқас мәселері, ақынның өзіндік мақамы мен ырғағы сипатталады. Мақала ҚР ҒжЖБ министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатқан AP19574645 «Қазіргі айтыстың типологиясы мен поэтикасы» атты жобасы аясында жазылған.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call