Abstract

Мақалада Әбу Насыр әл-Фарабидің ең көлемді еңбегінің бірі «Китаб әл-Мусиқа әл-кәбир –كتاب الموسيقى الكبير» (Музыканың үлкен кітабы) трактаты екендігі алға тартыла отырып, «Әбу Насыр әл-Фараби шығыс музыкасының негізін қалаушы, білікті музыкант ретінде не себепті әлемге танымал емес?» оны неліктен «әл-Муаллим әс-сәни– المعلم الثاني» (Екінші мұғалім)деп атап кетті деген сұрақ қойылады. Сондай-ақ осы «әл-Муаллим әс-сәни– المعلم الثاني» (Екінші мұғалім) атауы қазақ тілінде «Екінші ұстаз» деп аталатындығы мысалдармен дәлелденеді. Сондықтан ең алдымен араб және қазақ тіліндегі «мұғалім», «ұстаз» сөздерінің этимологиясына талдау жасала отырып, оны неліктен араб тілінде «әл-Муаллим әс-сәни– Екінші мұғалім» деп аталу себебі түсіндіріледі. Мақалада Әбу Насыр әл-Фарабидің «әл-Муаллим әс-сәни– المعلم الثاني» (Екінші мұғалім)аталуына қатысты айтылған екі түрлі көзқарас талдауға түседі. Олардың әрқайсысы жазба деректерді жинау, саралау, тарихи салыстыру әдістерін қолдану арқылы дәйектеледі.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.