Abstract

Металл-органикалық қаңқалы құрылымдар – құрылыс түзуші элементтерімоноядролы немесе полиядролы болып келетін координациялық орталықтары органикалық фрагменттермен байланысқан металл иондары бар микрокеуекті полимерліматериалдардың жаңа класы. Олардың гибридті құрылысы төмен тығыздыққа, жоғарыкеуектілікке, жоғары кристалдану дәрежесіне және үлкен беттік ауданға ие. Металл-органикалық қаңқалы құрылымдар кеңістікте бір, екі немесе үшөлшемді құрылыс түзеалады. Металдың, органикалық лиганданың және синтездеу әдісінің таңдалуы кеуектіңөлшемі мен геометриясын анықтайды.Металл-органикалық қаңқалы құрылымды алу оның жоғары кеуектілігімен байланысты. Негізінен, энергетика қажеттілігі үшін метан және сутек газдарын сақтауда(сорбция процестерінде) қолданылады.Сонымен қатар, кеуекті дененің жалпы беті мен оның массасына қатынасына өте жоғары беттік ауданмен ерекшеленеді. Кейбір металл-органикалық қаңқалықұрылымдардың беттік ауданы 6000 м2/г жетеді. Ал, бұл өз кезегінде цеолитке (400-600м2/г), активтелген көмірге (500-1500 м2/г) және мезокеуекті силикаттарға (1100 м2/г)қарағанда әлдеқайда жоғары. Металл-органикалық қаңқалы құрылымдарда кеуектерәртүрлі бағытта бола алады. Кеуектің пішіні квадратты, тікбұрышты, сопақ болыпкеледі. Кеуек геометриясын басқару газ және сұйықтықтарды таңдамалы түрде жұтуда маңызды. Көбінесе, металл-органикалық қаңқалы құрылымдарды таңдай отырып,белгілі құрылымдағы молекуланы селективті сорбциялауға болады.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call