Abstract

Қазақстан Республикасының Шығыс аймағында кеңінен таралған балқарағай жаңғағын кешенді өңдеу өзекті болып табылады, себебі балқарағай жаңғағы - бұл толыққанды ақуыздардың, микро және макроэлементтердің, май қышқылдарының және витаминдер кешенінің перспективалы өсімдік көздерінің бірі болып табылатын ерекше табиғи өнім. Мақаланың мақсаты - балқарағай жаңғағын өңдеу технологиясын жетілдіру үшін өндірістегі технологиялық жабдықтарды талдау негізінде қолданыстағы жабдықтармен салыстырғанда анағұрлым өнімді, балқарағай жаңғағының қабығын шағуға арналған жабдық конструкциясы әзірленді. Оның жұмыс істеу принципі – жаңғақты қабылдау бункерінен сита арқылы 3 фракцияға бөліп, төменде орналасқан цилиндрлі роликтер арасындағы қуысқа беру және жаңғақ қабығын шағатын қысу күшін жасау. Мақалада жаңғақ қабығының құрылғыдағы шағылу процесіне әсер ететін күштердің теориялық зерттеулерінің нәтижелері көрсетілген. Жүргізілген эксперименттік зерттеулердің нәтижесінде балқарағай жаңғағының қабығын шағу күші анықталды. Эксперимент схемасына сәйкес, балқарағай жаңғағы электронды таразыға орналастырылып қабығы шағылғанға дейін статикалық қысылуға ұшырады, нәтижесінде қысу күшінің мәндері бекітілді. Алынған мәндерді өңдеу мақсатында статистикалық өңдеуден өткізілді. Балқарағай жаңғағы қабығының шағылу күшінің таралуы қалыпты заңмен сипатталатыны анықталды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде балқарағай жаңғағының қабығының шағылу күшінің орташа мәні 65,5 Н құрады.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.