Abstract

Мақалада заманауи сабақтың теориясы мен практикасы пәні бойынша оқу үрдісінде инновациялық технологияларды қоладана отырып, химияны жаңаша оқыту мәселесі қарастырылады. Химияны жаңаша оқытуда оқытудың заманауи технологияларын қолдана отырып оқу үдерісіндегі ғылыми педагогикалық іс-әрекетті үздіксіз дамытуға, қоршаған орта мен қоғам арасындағы байланысты қайта құруға, білім алушылардың өз беттерінше білім алу мүмкіндіктерін дамытуға, жеке тұлғаны нақтылыққа, жүйелі нәтижелі іс-әрекетке бейімдеуге, химияны заманауи оқытудағы интербелсенді әдістердің рөліне басым назар аударылады. Қазіргі ақпараттандырылған заманда ақпараттық технологияларды оқу үдерісінде пайдалану заманауи әдістерді қолдана отырып, білім алушылардың оқу материалдарын меңгеру сапасын арттыруға және таным сапасын жетілдіруге тиімді. Сондықтан біздің мақсатымыз-заманауи сабақтың теориясы мен практикасы арқылы химияны интерактивті оқытуды, АКТ-мен байланысты білім беру сипаттамаларына және пәннің қызықты интербелсенді әдіс арқылы химия курсынан әдістемелік нұсқаулықтар құрастыру және тексеру. Біздің жұмысымыздың бірінші кезеңі заманауи білім беру жүйесіндегі химияны оқытуда АКТ-ны қолдануға негізделген теориялық негіздерді құру мақсатында алдыңғы зерттеулерді талдаудан тұрды. Әрі қарай, біз интекрактивті әдістерді қолданудың әртүрлі мүмкіндіктерін көрсетету мақсатында әзірленген кіріктірілген қызықты контенті бар химия сабақтарына арналған әдіснамалық нұсқауларды ұсындық. Келесі кезеңде барлық дайындалған материалдар бойынша, заманауи сабақтың теориясы мен практикасы арқылы химияны заманауи оқытудағы интерактивті әдістерінің тиімділігі тексерілді. Кілтті сөздер: ақпараттық технология; жаңаша оқыту; инновациялық технология; белсенді техникалық құрал; интербелсенді әдістер; маман.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call