Abstract

Бұл мақалада қашықтықтан зондтау деректері және далалық зерттеу жұмыстарының негізінде Түркістан облысындағы суармалы егістік жерлердің мелиоративтік жай-күйі мен олардың пайдалану ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеулер көрсеткендей, бүгінгі таңда облыстағы суармалы жерлердің 50 % жуығына әр түрлі деңгейде тұздар әсер еткен. Оның ішінде, топырақ жамылғысының 19 % әлсіз, 16 % орташа және 10 % өте күшті дәрежеде тұзданған. Суармалы жерлер Республикамыздың 30% жуығын алып жатыр, сондай-ақ, мақта өндірісінің 100% (110 мың га), бау-бақша, көкөніс дақылдарының 40,8% (114 мың га) және жүгері өндірісінің 25% (46 мың га) беретін Түркістан облысындағы суармалы жерлерді тиімді, әрі тұрақты пайдалану бүгінгі күнде тек ғана аймақ үшін емес, еліміз үшін өте маңызды. Бұл зерттеу жұмысында Жерді қашықтан зондтау мәліметтері негізінде бірқатар вегетациялық және тұздылық индекстері саналып, экспедициялық жұмыстар нәтижесімен корреляция жасалынды. Нәтижесінде, қашықтықтан зондтау деректері негізінде жасалынған Salinity Index 4, Salinity Index 7 және Salinity Index 9 тұздану индекстерінің көрсеткіштері жер беті, яғни далалық жұмыстардың нәтижесімен өзара баланысы жоғары көрсеткіштерге ие болды

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.