Abstract

Ұлттың рухани деңгейін танытатын әдебиеттану ғылымы бүгінгі дәрежесіне дейін түрлі даму жолдарынан өтті. Ол көнеден көркемдікке, жалпыдан нақтылыққа дейінгі өсу жолдарында түрлі қоғамдық көзқарастарды бастан кешірді. Қазақстанда әдебиеттану ғылымының пайда болуы, қалыптасуы, жетілуі ұлт тарихы секілді талай кезеңдерді бастан өткерді. Ұлт мәдениетін тану кезінде сырттан таңылған қасаң талаптарға тәуелді болды. Ол әдебиет зерттеушілерінің адымын аштырмады, айтарын анық айтқызбады. Солай бола тұрса да өресі биік тұлғалар тарапынан ұлттық, әдеби-сыни ой-пікірлер айтылып отырды. Ол әдеби айтыстан, жеке мақаладан, оқулықтардан монографияға дейінгі еңбектерді тудырды. Бұл мақалада І. Жансүгіров шығармашылығының зерттелуін әлеуметтік-тарихи процестермен байланыстыра қарастыру арқылы қазақ әдебиеттану ғылымының даму ерекшеліктеріне талдау жүргізілді, қазақ әдебиетінің ғасыр басындағы дамуының ішкі заңдылықтары ашып-айқындалды. Әдебиеттің тұтас бір дәуіріне – күрделі әрі қайшылығы мол дәуіріне қатысты жаңа деректер, тың ой-пікірлер, толымды ғылыми жинақтаулар, сыни талдаулар қосылды. Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығын бағалауда ұзақ жылдар бойы кеңестік жүйенің саяси ұстанымдарымен жазылып, бағаланып, сараланып, танылған көзқарастар ығыстырылып, қазақ әдебиеттану ғылымының кейінгі кезеңдегі тың зерттеу бағыттарындағы озық ұстанымдар, жаңаша пайымдау, тың нәтижелер негізге алынды. Қаншама жыл бойы құрсауда болған шығармашылық ой сыртқа шықты, тыйым салынған ойлар мен пікірлер айтылды. Әдеби айтыстар төңірегінде талдаулар ұсынылды, ұлт әдебиетінің ауыр жүгін арқалаған Ілияс шығармашылығының зерттелуінің алғашқы кезеңі жөнінде кең көлемді мағлұматтар берілді. Әдеби даму заңдылықтарының басты ерекшеліктері сараланып көрсетілді. Кілттік сөздер: ХХ ғасыр, әдеби сын, әдеби бағыт, топ, әдеби процесс, көркемдік қоғамдастық, қазақ әдебиеттану ғылымы.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call