Abstract

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы есірткі құралдарының немесе психотроптық заттардың таралуы аясында көп секторалдық саясатты жүзеге асыруға, сондай-ақ осы тұжырымдамаға сәйкес республикада есірткі немесе психотроптық заттардың таралуына қарсы күрес бойынша қылмыстық саясатты белгілеуге негіз болатын бірқатар шараларды қарастырылған. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың жеке басын, құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады [1, б. 5]. Осыған сәйкес құқық қорғау органдары азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сенімді қорғайтын шаралар кешенін жүзеге асыруға шақырылады. Қазақстан Республикасында есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы жыл сайын едәуір ауқымға ие болуда. Нашақорлықпен ауыратын науқастар санының көбеюі табиғи түрде есірткіге байланысты жасалған қылмыстардың өсуіне әкеледі. Есірткі саудасынан алынған үлкен пайда (әлемдік сауданың 10 %) қылмысты ұйымдастырушылар мен орындаушылардың қылмыстық іс-әрекет механизмін, әсіресе есірткіні таратумен байланысты үнемі жетілдіруге деген қызығушылығын тудырады. Қазақстанда нашақорлықтың таралуы қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалда елеулі түрде қалыптасады, еліміздің экономикалық дамуына теріс әсер етеді және оның криминогендік жағдайын нашарлатады. Кілтті сөздер: есірткі заттар, психотроптық заттар, қылмыстық саясат, қылмыс, жаза, жауапкершілік, күрес, алдын алу, қоғам.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call