Abstract

Мақалада қазақ халқының дүниетанымы жайында ақпарат беретін белгілердің бірі болып табылатын сандар мен түр-түске байланысты түсініктері қарастырылады. Халық нанымынан хабар беретін мұндай таңбалар халықтың өмір сүрген ортасы мен салтына байланысты қалыптасып отырғанын байқауға болады. Әлемде қай халықтың болмасын ғасырдан-ғасырға жалғасып отырған дәстүр-ғұрпында, мәдениеті мен сенімінде табиғи күштерді қабылдап, түсінуіне байланысты ерекшеліктері көрініс беріп отырады. Зерттеудің мақсаты халық дүниетаны мен мәдениетін, тарихын зерттеуде дереккөз қызметін атқаратын, ақпараттар мен мәліметтерді бойына сіңірген түр-түстер мен сандық белгілердің мәнін ашу. Зерттеу мақсатына сәйкес түр-түс пен сандық символдар таным құралы және әлемді тануға негізделген белгілі образдар мен абстрактілі ұғымдарға негізделеді. Осыған сүйене отырып, әр халықтың тұрмыс- тіршілігі, дүниетанымы, дәстүрі, ұлттық бояуы және т.б. факторлардың түс қабылдауына әсерететінін көреміз. Түсті символдық қабылдануы өте маңызды: көк түс аспанмен, сумен, жасыл түс – өсімдікпен, қызы – отпен және т.б. Зерттеудің методологиялық негізін тарих және филологиялық ғылымдары принциптері мен әдістері құрайды; сондай-ақ жалпы ғылыми және тарихи-салыстырмалы, сипаттау және т.б. тәрізді тарихи әдістер қолданылды. Нәтижесі. Кеңістік пен уақытты, табиғатты, сондай-ақ қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынасты көрсететін филососфиялық, логикалық категория қатарында саналатын түр-түс пен сандық белгілерді халықтық дүниені тану, табиғи құбылыстарды қабылдау, өмір сүрген ортасын, географиялық орналасуы мен табиғатын көрсетуде символдық көрсеткіш ретінде қарастырылды. Қорытынды. Түр-түс және сандық ұғымдар әртүрлі этникалық дәстүрлердің арақатынасы, халықтың тарихи жолы, қоршаған ортаның бояуы жайында мәліметтерді бойына жинаған мәдениеттің негізгі категорияларының бірі болып табылады. Яғни, кез келген халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеті мен дәстүріндегі түстер мен сандардың символдық мәнін анықтау – ғылыми қызығушылық тудыратын мәселелердің бірі.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.