Abstract
Зерттеу мақалада тәуелсіздік жылдарынан кейінгі қазақ прозасында қалыптасқан постмодернизм бағыты қарастырылған. Мақаланың мақсаты А.Кемелбаева шығармашылығын постмодернизм дискурсы аясында талдап, қазақ прозасындағы жаңашылдықтарды анықтау. Зерттеу мақаланың ғылыми және практикалық маңызы қазақ әдебиетіндегі постмодернизм бағытының дамуымен байланысты. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі шағын прозалық жанрларды интермәтінділік тұрғысынан талдауға жол ашады, сондай-ақ салыстырмалылық тұрғыдан зерделеу жұмыстың тәжірибелілігін арттырады. Зерттеу методологиясы қазақ прозасындағы автор трансформациясы, оқырманмен ойын, интертекстуалдылық, симулякр образдарының интерпретациялануымен байланысты. А.Кемелбаеваның «Тырнақ», Т.Әсемқұловтың «Бекторының қазынасы» туындылары герменевтикалық әдіс арқылы талданып, шығармалардың ерекшеліктері анықталды. Зерттеуде Т.Прохорова еңбегіндегі В.С.Малаховтың пікірі, В.Курицын, В.Руднев, Ә.Қодар, С.Қасқабасов, Ж.Жарылғаповтың постмодернизм жайлы көзқарастары негізге алынды. Симулякр жайлы О.Бычкова, Г.Сәулембек пікірлері қарастырылды. Қазақ прозасындағы жаңашылдық Г.Орда зерттеуі негізінде айқындалып, жалпыадамдық құндылықтар Н.Худайбергенов зерттеуі негізінде талданды. Герменевтикалық әдіс арқылы А.Кемелбаеваның «Тырнақ» әңгімесінде интертекстуалдылық, оқырманмен ойын сынды постмодернизм құралдары анықталды. Сонымен бірге туындыдағы детективті сипат, интеллектуалдық сұхбат элементтері айқындалды. Зерттеу мақаланың негізгі құндылығы қазақ әдебиетіндегі постмодернизм бағытының қоғам сипатын бейнелеудегі қызметін анықтаумен байланысты. Симулякр образы, симуляция құбылысы талданып, прозадағы негізгі қызметі анықталды. Шығармада симулякр образының негізгі қызметі қоғам кемшіліктерін әшкерелеу екені жан-жақты талданды. Зерттеуде постмодернистік жаңашылықтар проза поэтикасындағы өзгерістер, көркемдік-эстетикалық құндылықтар, шығармашылық еркіндік, авторлық кредо, авторлық позиция, сонымен бірге авторлардың жазудың жаңа құралдары мен әдістерін қалыптастыру арқылы қазақ прозасын жаңа деңгейге көтереді. Осы негізден ХХІ ғасырдағы қазақ қаламгерлерінің постмодернистік әдебиеттегі мифтік таным, мифтік сана негізінде терең зерттеу нысанына айналып отыр. Постмодернистік мәтіндерге идеялық-эстетикалық жүйелер, моральдық құндылықтар тән. Бұндай постмодернистік мәтіндерге тән ерекшеліктер А.Кемелбаева «Тырнақ» шығармасында анықталып, талданды.
Talk to us
Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have
Similar Papers
Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.