Abstract
Тағылымсыз тарих жоқ. Егер ол болмаған болса, адамзат «тәуелсіздік», «теңдік», «демократия», «мәдениет», және басқа осы сияқты қасиетті мұраттар үшін қан төгіп күреспеген болар еді. Кісі есімдерінің, тарихи тұлғаларымыздың ұлттық санадағы орны мен танымдық ерекшелігі, тарихтағы орны, ономастикалық кеңістіктегі, оның іштей сараланған түрлеріне берілген атаулар неліктен, сол есімдерге ие болу себебі деген мәселе маңызды. Батыл қолбасшы, мемлекет қайраткері, дарынды елші, сөзге шешен ретінде қазақ халқының жадында сақталған танымал тұлғаларды тарих бетінде жазылған аңыз-әңгімелерден, шежірелерден білеміз. Ондай тұлғалар Қазақстанда Тәуелсіздік символына айналған ономастикалық кеңістікте орын алады. Есімі елге танылған хандарымызға, би-шешендерімізге, батырларымызға арналған резиденциялар, ескерткіштер, монументтер мен мәдени, оқу орындарының атауы берілуі осыған дәлел. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысының тарихи тұлғаларының жүріп өткен тарих жолын, сол жолда сіңірген еңбегі бағаланып, ономастикалық кеңістіктен орын алғаны баяндалады. Қазақ шыққан тегін, туып өскен өлкесін зерделеп, өсер ұрпағының ертеңіне ерекше мән бере білген. Сондықтан тарихи тұлғалардың есімдерінің маңыздылығына сай ескерткіш ретінде сақталған нысандар баршылық, сол туралы сөз қозғалады. Мақалада аты аталған тарихи тұлғаларымыздың жерленген орындары Солтүстік Қазақстан облысының сакралды картасына еніп отырғандығы баяндалады. Кілтті сөздер: тарихи тұлға, даңқты есімдер, ономастикалық кеңістік, ойконим, урбаноним, мұра, кесене, ескерткіш, сакралды орындар, ұлттық таным.
Talk to us
Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have
Similar Papers
More From: Bulletin of Toraighyrov University. Philology series
Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.