7-days of FREE Audio papers, translation & more with Prime
7-days of FREE Prime access
7-days of FREE Audio papers, translation & more with Prime
7-days of FREE Prime access
https://doi.org/10.48081/stfj3548
Copy DOIPublication Date: Sep 26, 2024 |
Мақалада І. Жансүгіровтің этнографиялық туындысы «Қазақ үйдің тұрмысы» өлеңіндегі этнографизмдер жүйеленіп, жинақталып, өлең мәтініндегі этнографиялық атаулардың сандық деректері келтіріліп, этнографизмдер алғаш рет тақырыптық жағынан топтастырылып, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері тұрғысынан талдау жасалды. Қазақ тұрмысына орай қолданылатын этнографизмдердің ұлттық-мәдени компоненті анықталды. Мақалада халықтың материалдық және рухани өмірінің объектілерін немесе құбылыстарын білдіретін, ұлттық, тарихи және уақыттық болмысты көрсететін, айқын коннотативтік мағынасы бар, тілдік баламасы жоқ атаулар нысанға алынды. Өлеңде халықтың тұрмыс-тіршілігін, болмысын, оның дәстүрі мен наным-сенімін, дүниетанымдық ерекшеліктері мен құндылықтар жүйесін суреттеу үшін ақынның 176 этномәдени атау қолданғаны анықталып, атауларды өлең ырғағына, ұйқасына тиімді орайластырған ақынның тіл шеберлігі мен этнокөркемдік ойлауы талданды. І. Жансүгіров өлеңіндегі этнографизмдерді тақырыптық жағынан топтастырып жүйелеу көркем этнография мен ұлттық этноментальдық аясында жанрдың даму динамикасын көрсетуге мүмкіндік береді. Ілияс Жансүгіров шығармаларын этнопоэтикалық тұрғыда зерттеу халықтың әлеуметтік, материалдық, рухани, этикалық және эстетикалық мәдениетін жаңғыртудағы маңызын айқындап, оның этноменталитеті, екінші жағынан, көркем этнография негізінде әдеби-көркем мәтін жасаудағы шебірлік қырын жаңа контексте қарастыруға негіз болады. Кілтті сөздер: қазақ үй, этномәдени атау, этнографизм, этнографиялық лексика, мәдениет.
Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have
Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.