Abstract

Аутистік спектрі бұзылысы бар балаларды әлеуметтендіру процесі (бұдан әрі — АСБ) зерттеудің өзектілігі оларды білім беру және әлеуметтік — мәдени ортаға кіру қажеттілігімен айқындалады. Мақаланың мақсаты — арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында күрделі біріккен бұзылыстары бар аутистік спектірі бұзылысы бар балаларды әлеуметтендіру процессін модельдеу. Зерттеу аясында теориялық әдістер: күрделі біріккен бұзылыстары бар АСБ бар балаларды әлеуметтендіру мәселесі бойынша контент — талдау, яғни, шетелдік және қазақстандық тәжірибені, нормативтік — құқықтық, ғылыми, психологиялық — педагогикалық және әдістемелік дереккөздер қолданылды «Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында күрделі біріккен бұзылыстары бар АСБ бар балаларды әлеуметтендіру « тұжырымдамасының мазмұны нақтыланды. Күрделі біріккен бұзылыстары бар АСБ бар балаларды әлеуметтендіру үрдісінде компоненттер ұсынылды (мотивациялық-құндылық, әлеуметтік-функционалдық, функционалдық-коммуникативтік, танымдық-бағалау, деңгейлер, маңызды сипаттамалары. Күрделі біріккен бұзылыстары бар АСБ бар балаларды әлеуметтендіру деңгейлерін зерттеудің диагностикалық құралдары анықталды. Теориялық әдістермен қатар модельдеу әдісі қолданылды. Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында күрделі біріккен бұзылыстары бар АСБ бар балаларды әлеуметтендіруде ұсынылған модельдің негізгі құрылымына жүйелік, үрдісті, белсенді құзыреттілік тәсілдері қойылған. Модельдің құрылымдық компоненттері сипатталған: мақсатты, диагностикалық, мазмұнды, ұйымдастырушылық — процестік, нәтижелі. Жалпыланған түрде АСБ бар балаларды әлеуметтендіру процесіне психокоррекциялық, оқу, сабақтан тыс іс — әрекет процесінде ABA мінез — құлқын қолданбалы талдау, қоршаған ортаға бейімдеу, әлеуметтік әңгімелер, TEACCH әдістемесі, PECS жүйесі.

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.