Abstract

Зияткерлік капитал инновациялық қызметті ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажетті деңгейімен қамтамасыз ете отырып, оның ресурстық негізі болып табылады, сонымен бірге, ғылыми-зерттеулер мен инновациялар саласын дамыту басқа салалардың дамуына мультипликативті әсер ету арқылы ел экономикасының жалпы өсуіне ықпал етеді. Қазіргі жағдайда мемлекеттің тиімділігі оның ғылыми-инновациялық секторының қызметі және оны басқарудың жаңа парадигмасына көшуге дайындығы және тұтастай алғанда, елдің дамуы үшін қажетті кадрлық, материалдық-техникалық, қаржылық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және барлық басқа ресурстардың жиынтығын қамтитын зияткерлік әлеуеттің көрсеткіштерімен айқындалады. Мақалада зияткерлік капиталды бағалау әдістерінің негізгі топтары жүйелендіріліп, зияткерлік капитал құрылымын қалыптастыратын көрсеткіштерді бағалау әдіснамасын жетілдіру мәселелері талданды. Зияткерлік капитал құрылымын нақтылап, бағалау жүргізу үшін бірқатар әдіснамалық модельдер талданып, Қазақстан үшін «National Intellectual Capital Index» (NICI) моделі ең қолайлы деген ұсыныс жасалды. Оған басты себеп ретінде аталмыш үлгінің халықаралық басылымдарда кеңінен қолданылып, дамытылғандығы; үлкен деректер базасының қалыптастырылғандығы және модельдің өзектілігі, бұл модельде «Renewal Capital» (жаңартылатын капитал) көрсеткіші анықталған, оны зияткерлік капиталдың ұдайы өндірілу жүйесін бағалаушы көрсеткіш ретінде ұсынуға болатындығы негізделді. Кілтті сөздер: зияткерлік капитал, инновациялық даму,зияткерлік әлеует, адами даму индексі, нарықтық капитал, модель, панельдік деректер, зияткерлік капитал индексі.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call