Abstract

Мақалада студенттердегі әлеуметтік және эмоциялық интеллектінің дамуының маңыздылығы айқындалып, оның оқудағы жетістікке жету мотивациясына әсері зерделенеді. Теориялық зерттеу негізінде еліміздегі, ресейлік және шетелдік ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы әлеуметтік интеллект түсінігінің тарихи даму тұжырымдары жүйелене отырып, нақты кестелік тұрғыда салыстырмалы деректер дәйектеледі. Әлеуметтік ұғымына қатысты авторлық анықтама ұсынылады. Әлеуметтік интеллект адамдар арасындағы тиімді қарым-қатынас пенәлеуметтік-психологиялық жағдайға бейімделе отырып, жетістікке жетуде көрінетін тұлғаның интегралды, әрі интеллектуалды қабілеті ретінде тұжырымдамаланып, оның дамуы адамның өмірі мен іс-әрекетіндегімаңыздылығын айқындайды. Сондай-ақ, эксперименттік зерттеулер жүргізу негізінде эмоциялық интеллектінің әрбір шкаласы, әлеуметтік интеллектінің әрбір шкалалары мен жетістікке жетудегі экстернал мен интерналдар арасындағы байланыс Пирсонның корреляциялық коэффициенті негізінде анықталады. Эмоциялық интеллект пен өзін-өзі реттеу және эмпатия арасында оң мәнді күшті байланыс бар. Ал, өзіндік мотивация мен эмоциялық интеллект және өзара әрекеттесу дағдысы арасында оң мәнді, бірақ аз ғана байланыс бар екендігі анықталды. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері эмоциялық интеллект пен жетістікке жетудің интернал көрсеткіші арасында күшті байланыс бар екендігі дәлелденеді.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.