Abstract
Жоғары сынып оқушыларына болашақтағы мамандықтарын дұрыс таңдауы үшін әртүрлі формада кәсіптік бағыт бағдар беру жұмыстары жүргізілетіні белгілі. Себебі мамандық адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Күнделікті өмірде ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мен қолданысқа енуі жағдайында геймификация элементтерін кірістіре отырып, кәсіптік бағдар жүргізу үшін қолдануға болатын ақпараттық жүйе әзірленді. Ақпараттық жүйе мектеп оқушыларына дұрыс мамандық таңдауға және табысты мансап құруға көмектесетін кәсіптік бағдар берудің маңызды құралы болып табылады. Ол қолданушыларға жан-жақты мәліметтер қорына, тест тапсырмаларына, талдаулар мен ұсыныстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл оларға саналы таңдау жасауға мүмкіндік береді. Кәсіптік бағдар беру үшін әзірленген ақпараттық жүйені ересектер де қолдануына болады. Кез келген ақпараттық жүйенің негізі – ол мәліметтер қоры болып табылады. Мәліметтер қоры – үлкен көлемдегі мәліметтерді тиімді басқаруға, сақтауға және өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттың ұйымдастырылған репозиторийі. Бұл мақалада қолданушының жүйеге тіркелуінен бастап, тестік тапсырмаларды орындау нәтижесіне дейін кезеңдердегі мәліметтер қоры қарастырылады. Ақпараттық жүйе Ktor асинхронды фреймворк көмегімен әзірленген, ал мәліметтер қоры құру үшін PostgreSQL мәліметтерді басқару жүйесі қолданылды.
Talk to us
Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have
Similar Papers
Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.