Abstract
Аңдатпа. Автор тезистер түрінде баяндалған мақаласында Қазақстандағы саяси репрессияның астарына үңіліп, жер мәселесінің, сондай-ақ қазақ қоғамдық өмірін реформалау ісінде өзара үйлеспейтін екі көзқарастың (большевиктік және алаштық) қарсы келуі саяси репрессияға қазақстандық сипат бергендігіне тоқталады. Дәулетті қожалық иесі Хасен Ақайұлының өмір жолы мысалында саяси репрессияның қазақ қоғамы үшін апатты шара болғандығын көрсетеді. Автор мақалада, саяси репрессия құрбаны болған алаштықтардың қазақ қоғамын орталық тәуелділіктен азат етуіне, олардың ұлттық құндылықтарды сақтауға қатысты мәселелерне тоқтала келіп, Хасен Ақайұлының 1909 жылдардағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысына көмектесу ісіне қатысты архив құжаттары негізінде тың деректерді ғылыми айналымға енгізіп отыр. Сонымен қатар, мақалада Хасен Ақайұлының Қарқаралы петициясын жазу ісіне белсенді түрде ат салысқаны туралы тың деректер берілген. Автор мақаласында Хасен Ақайұлының өзі өмір сүрген кезеңінен бастап ең соңғы күніне дейін қазаққа шаруашылық жүргізудің жаңа және пайдалы үлгісін көрсетуді өзіне мақсат етіп қойғандығына тоқталады. Соған сәйкес автор аталған мақалада Хасен Ақайұлының билік жүйесіндегі қызметін бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарастыруды көздейді.
Talk to us
Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have
Similar Papers
Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.