Abstract
Мақалада халық ауыз әдебиеті жанрларының ішіндегі ең көне жанрлардың бірі ертегілерді сараланған. Ертегілердің керемет үлгілері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын қалыптастырудың тиімді дамыту жолдары мен әдіс-тәсілдері қарастырылған.Қазақ ертегілердің қасиеттері балалардың талғампаздығын дамытып, дұрыс сөйлеу мәнерін, дұрыс байланыстырып сөйлеуін қалыптастырып, өзінің пікірін тиянақты жеткізе алуға дағдыландырады. Ерекше білімге қажеттілігі бар балаларға ертегілермен таныстыру барысында: балалардың жас ерекшеліктерін ескеруіміз қажет; ертегілерді баяндау, мазмұндау кезінде балалардың ерекшеліктерінің түрі мен деңгейі назарға алынуы тиіс; балалардың қызығушылықтары назарға алынуы керек.Қазақтың халық ауыз әдебиетімен, ертегілермен танысу, ең алдымен баланың сезімталдығының тез дамуына, көрнекі-тиімді ойлаудың қалыптасуына ықпал етеді. Баланың ересектермен қарым-қатынаста белсенді түрде танытатын танымдық қызығушылығы, сондай-ақ бастапқы ерік қасиеттері (нәтижеге ұмтылу) айқын көрінеді. Мақалада зердебұзылыстарыбар балаларды оқыту іс-әрекетін ертегілермен дамытудағы ынта-ықылас, ұмтылыс, саналы белсенділік деңгейін анықтау нәтижелердің тиімділігі тек диагностикалық, мазмұндық және технологиялық қолдаумен және оларды кезең-кезеңмен жүзеге асырумен арта түсетіндігін көрсетуге тырыстық.Бүгінгі білім беру саласында мектепке дейінгі балаларды оқытуда заманауи технологиялардың көмегімен ұйымдастыру талабының күшеюіне байланысты бұл мәселеге кеңінен көңіл бөлініп жатыр. Мақалада зерде бұзылыстары бар балаларға ертегілерді инновациялық технологиялар арқылы сөздік қорын оңтайлы оқытудың әдіс-тәсілдерін қарастырдық.
Talk to us
Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have
Similar Papers
Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.