Abstract

Бұл мақалада соңғы уақыттағы лингвистикалық зерттеулердегі сөз мағынасы әр қырынан зерттелінуі, әсіресе сөз мағынасын тілдік және сөйлеу актісі тұрғысынан бірлікте қарастырылуы сөз етіледі. Мұндай зерттеулердің басты міндеті сөз мағынасын қатысымдық (коммуникативтік) семантика аясында – қатысым жағдайындағы сөз мағынасының қызметін, мақсаты мен қатысымдық мақсатқа жету жағдайын айқындау негізінде жүзеге асырылады. Семантикаға деген терең қызығушылық, психолингвистикалық зерттеулердің кең қанат жаюы, мәтін семантикасына деген жаңаша көзқарастар тілдік деректер сөз мағынасының әлдеқайда терең, көлемді де күрделі мәселе екенін, практикалық қолданыста аса маңызды болып табылатын семантикалық талдаулардың қажеттілігін айқындап берді. Осыған байланысты тілдік шындықтың қатысымдық актіге сай келетін үлгілерін зерттеу мәселесі туындады. Қазіргі семасиологияның теориялық және практикалық қажеттіліктерінің негізінде қатысымдық семантика бағыты қалыптасты. Мағынаның қолданыстық сипаты осы қатысымдық семантика аясында жүзеге асырылады. Қатысымдық семантика – тіл білімінде әлі де толық қалыптаспаған тың лингвистикалық сала. Сондықтан болар тілдің қатысымдық аспектісі жайлы ғалымдар пікірі әрқилы. Дегенмен барлығының пайымдау-тұжырымдары, көзқарастары бойынша, қатысымдық семантика – қарым-қатынастағы белгілі бір мақсат үшін жұмсалған лексикалық мағынаның көрсеткіші. Терминнің мазмұнын айқындауды, мәселенің тілдің даму барысындағы, қолданыс аясындағы ерекшеліктерін қарастыруды өзекті мәселелердің біріне жатқызуға болады. Кілт сөздер: сөз мағынасы, семантика, қатысымдық семантика, лингвистика, тілдік қарым-қатынас.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call