Abstract

Мақалада адамның және азаматтың мәдени құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғау жөніндегі халықаралық-құқықтық стандарттар, оларды жүзеге асыруға мемлекеттердің қызметі бағытталуы керектігі зерттелген. Адамның мәдени құқықтарын қоғамның ең жоғары құндылығы ретінде жариялайтын және құбылыстың нормативтік негізін құрайтын халықаралық құқықтық дереккөздер тобы талданған. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық құқық нормаларын тиімді мемле-кетішілік іске асырудың маңыздылығы атап өтілген. Сондай-ақ, мақалада адам мен азаматтың мәдени құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарының сәйкестігі мәселелеріне назар аударылды. Жалпыға бірдей танылған құқық қорғау стандарттарын мемлекетішілік имплементациялаудың тиімділігін арттыру жолдары да белгіленеді. Мәдени құқықтарды әртүрлі халықаралық-құқықтық актілерде және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитет қабылдаған жалпыға ортақ түсініктемесінде түсіндіру қарастырылды. Негізгі халықаралық-құқықтық акт — «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық Пактіні» зерделеуге ерекше назар аударылған.Зерттеуде қазіргі кезеңде адамның мәдени құқықтарын қорғауда айтарлықтай халықаралық тәжірибе жинақталғаны анықталды. Автор мәдени құқықтар мен бостандықтарды ұлттық және халықаралық реттеу саласындағы кейбір өзекті мәселелерді егжей-тегжейлі қарастырылған, оларды жою мүмкін-діктерін талдап, құқықтық жетілдіруге тиісті ұсыныстар берді.

Full Text
Published version (Free)

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call