Abstract

Жалмауыз кемпірдің бейнесі көп жағдайда түркі халықтарының эпикалық ертегілерінде кездеседі. Түркі халықтарының ауызша фольклорының ерекше жанры — ертегілердің сюжеті сан алуан. Таза ертегілермен қатар ертегінің өзі мен ертегінің арасында аралық орынды алатын шежірелік, топонимикалық, космогониялық ертегілер, аңыздар мен мифтер бар. Адамзат баласын сюжеті мүлдем ерекше «Жалмауыз кемпір» сынды жұмбақ, зұлымдық жаратылыстардың бейнесін қолдану арқылы қызықты желіге құрылған эпикалық туындылар ерекше қызығушылық тудырады. Осыған орай, аталмыш мақалада түркі мифологиясындағы Жалмауыз кемпірдің эпикалық шығармалардағы бейнесін талдау мәселесі қамтылып, эпикалық түркі ертегілерінің демонологиялық бейнесіне айналған Жалмауыз образының өзіндік ерекшеліктері талданды. Жүргізілген зерттеулердің негізінде авторлар тарапынан «Жалмауыз кемпір» ұғымының теориялық мәні ұсынылған, түркі мифологиясындағы «Жалмауыз кемпір» ұғымының шығу тарихы тұжырымдалған, демонологиялық бейнелердің түркі танымындағы орны көрсетілген, қазақ және қырғыз халықтарының эпикалық ертегілеріндегі Жалмауыз кемпір бейнесіайқындалды.

Full Text
Paper version not known

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call