Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасының және шет елдердің қолданыстағы заңнамасын, азаматтық саласындағы ғылыми әдебиеттерді зерттеу және талдау негізінде азаматтық институтын құқықтық реттеудің өзекті мәселелері зерттелген. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңды зерттеуге басты орын берілген, ал азаматтықты конституциялық-құқықтық реттеудің шетелдік тәжірибесі қарастырылған. Сонымен қатар азаматтық институттың мемлекет пен қоғамның дамуына, азаматтық қоғамның қалыптасуы үшін маңызды екендігі көрсетілген. Авторлар конституционализм теориясы мен практикасының басты мәселелерінің бірі — конституциялық азаматтық институты арқылы адамның құқықтары мен бостандықтарын дамыту және қамтамасыз ету екенін атап өткен. Мақала авторлары азаматтық ұғымын анықтап, оның конституциялық құқықтық ұйымдастыру мәні мен маңызын айқындау мәселелері бойынша негізгі көзқарастарды ұсынған. Атап айтқанда, құқықтың жалпы жаһандануы мен интернационалдануына байланысты Қазақстан Республикасының Конституциясы тұтастай алғанда конституциялық құқық дамуының әлемдік тенденцияларына сәйкес келетіндігі туралы қорытынды жасалған. Конституциялық-құқықтық заңнаманы одан әрі жетілдіру бағыттарының біріретінде конституциялық-құқықтық заңнамаға адам құқықтары жөніндегі халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормалары туралы ережені енгізу туралы ұсыныс тұжырымдалған.

Talk to us

Join us for a 30 min session where you can share your feedback and ask us any queries you have

Schedule a call

Disclaimer: All third-party content on this website/platform is and will remain the property of their respective owners and is provided on "as is" basis without any warranties, express or implied. Use of third-party content does not indicate any affiliation, sponsorship with or endorsement by them. Any references to third-party content is to identify the corresponding services and shall be considered fair use under The CopyrightLaw.